УЕФА Чемпиондар лигасының үздік ойыншысын атады
Хвича Кварацхелия УЕФА нұсқасы бойынша 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Хвича Кварацхелия биылғы маусымда ПСЖ сапында Чемпиондар лигасында 16 матч өткізіп, 10 гол соқты. Сонымен қатар шешуші кездесулерде командасының табысты өнер көрсетуіне елеулі үлес қосты.
Турнир финалында ПСЖ мен Арсенал ФК кездесіп, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түскен болатын. Ал пенальти сериясында париждік клуб 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Финалдық матчта есеп 0:1 болып тұрған сәтте Кварацхелия пенальти алып беріп, оны Усман Дембеле сәтті орындады. Бұл гол ПСЖ-ның есепті теңестіруіне мүмкіндік берді.
Осылайша грузиялық шабуылшының маусым бойғы тұрақты ойыны мен финалдағы шешуші әрекеті оның Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атануына негіз болды.
Фото: Global Look Press
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған