Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубына екі жаңа автобус сыйлады
Белгілі кәсіпкер әрі меценат Тұрсын Алагөзов ел футболының басты бренді саналатын «Қайрат» клубына ерекше сый жасады. Кәсіпкер команданың сапалы әрі жайлы сапарларға шығуы үшін екі заманауи автобусты тарту етті.
Бұл туралы оның жары, продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында хабарлады.
«Қайратқа» менің жұбайымнан екі автобус. Алға, «Қайрат!» - деп жазды ол.
Жаңа автобустар команда сапарының жайлылығын арттырып, футболшылардың дайындық сапасына оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Бұл – Тұрсын Алагөзовтің отандық спортқа, әсіресе футболға деген қолдауының тағы бір көрінісі.
Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Алматы күніне орай жасаған үндеуінде көпшілікті таңғалдырған болатын. Ол «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы басты матчы – «Реал Мадридке» қарсы ойынды ерекше атап өтіп, команда жеңіске жетсе, «Әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын», – деп мәлімдеген еді.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер арасында үлкен мотивацияға айналды.
Тұрсын Алагөзовтің бұл әрекеттері – оның тек бизнесмен ғана емес, сонымен қатар қазақстандық спорттың дамуына шынайы үлес қосып жүрген жанкүйер азамат екенін көрсетеді.
«Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деп аяқтаған еді кәсіпкер өз сөзін.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған