457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Тұранда" ойнаған қазақстандық футболшы құрылыста жұмыс істеп жүр

Ол кәсіби мансабында Қазақстан Премьер-лигасы мен Бірінші лигада өнер көрсетіп, бірқатар клубтардың намысын қорғады.

Қазақстандық футболшы Асылжан Аббас кәсіби мансабын уақытша тоқтатып, өмірінде жаңа кезең бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы asnews.kz жазып отыр. Бұған дейін Түркістанның «Тұран» клубында өнер көрсеткен 26 жастағы ойыншы қазіргі уақытта Ресейде құрылыс саласында еңбек етіп жүргенін айтты.

«Қазір құрылыс нысанында жұмыс істеп, табыс тауып жүрмін. Футболдағы мансабымнан әзірге үзіліс алдым», - деді футболшы.

Асылжан Аббас – қазақстандық футболдың түлегі. Ол кәсіби мансабында Қазақстан Премьер-лигасы мен Бірінші лигада өнер көрсетіп, бірқатар клубтардың намысын қорғады.

Статистикаға сәйкес, шабуылшы және қанаттағы ойыншы ретінде танылған футболшы Қазақстан чемпионаттарының екі дивизионында жалпы саны 49 матч өткізген. Өз мансабында ол «Оқжетпес», «Ұлытау» және «Қызылжар»секілді командалардың қақпасына гол соққан.

Әзірге Аббастың футболға қашан оралатыны белгісіз. Дегенмен оның мансабын толық аяқтамағаны, тек уақытша үзіліс алғаны белгілі болып отыр.

Фото: Ашық дереккөзден