Трамп футболдан әлем чемпионатын тамашалағысы келетіндерге кеңес берді
АҚШ президенті Дональд Трамп келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына баруды жоспарлаған шетелдіктерге визаны алдын ала рәсімдеуге кеңес берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Трамптың айтуынша, әлемнің 80 пайыз елінде визаны қарастыру уақыты шамамен 60 күнге созылады. Сондықтан құжаттарды ертерек тапсыру маңызды.
Ол бұл пікірін 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтты.
Еске салайық, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Турнир тарихында алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Финал Нью-Джерси штатындағы «Метлайф» стадионында өтеді.
Қазіргі уақытта 48 команданың 34-і әлем чемпионатына жолдама алып үлгерді, оның ішінде қожайын елдер де бар.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған