Мадридтің «Реал» клубы мен Германия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос барлық уақыттағы ең үздік бапкер деп Карло Анчелоттиді санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Барлық уақыттағы ең үздік бапкер ме? Карло Анчелотти. Ол ірі командаларды басқаруды тек футбол тұрғысынан ғана емес, барлық жағынан ең жақсы білетін жан», – деді Кроос Madrid Xtra YouTube арнасына берген сұхбатында.
Кроос Анчелотти басқарған «Реал» командасында ойнаған. Итальяндық маман осы клубты 2013–2015 және 2021–2025 жылдары жаттықтырған. Қазіргі таңда Анчелотти Бразилия құрамасын басқарады. Сондай-ақ ол «Эвертон», «Наполи», «Бавария», «Пари Сен-Жермен», «Челси», «Милан», «Ювентус», «Парма» және «Реджана» клубтарында да бапкерлік қызмет атқарған.
Тони Кроос футболшы ретінде карьерасын 2024 жылғы жазда аяқтаған.
Фото: ©Depositphotos/canno73