457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Тобыл» — Қазақстан Суперкубогінің иегері

Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матч аяқталды. Онда алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан Суперкубогы аясындағы ойын “Астана Арена” стадионында өтіп, негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды.

Есепті бірінші болып «Тобыл» ашты. Ойынның 6-минутында Луи Герра қостанайлықтарды алға шығарды.

Алайда «Қайрат» үзіліске дейін таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. 

Алдымен 20-минутта Александр Мрынский есепті теңестірді. Ал алты минуттан кейін алматылықтардың жаңа ойыншысы — финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен Жоржиньо орындай алмаған пенальтиді сәтті пайдаланды.

Негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда «Тобыл» есепті қайта теңестірді. 89-минутта Асхат Тағыберген айып добынан гол соқты. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Онда «Тобыл» футболшылары дәлірек болып, 4:5 есебімен жеңіске жетті.

 

 

 

Фото: "Қайрат" ФК