Мәзір
Футбол

«Тобыл» испаниялық «Хетафемен» кездесуі мүмкін

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
«Тобыл» испаниялық «Хетафемен» кездесуі мүмкін

Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан Кубогының қазіргі иегері – Қостанайдың «Тобыл» клубы үшін ықтимал келесі қарсылас анықталды. Егер қазақстандық команда үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизанын» жеңсе, плей-офф сатысында Испанияның «Хетафе» клубымен күш сынасады.

«Тобыл» мен «Партизан» арасындағы алғашқы кездесу 6 тамызда Белградта, ал қарымта матч бір аптадан кейін Қостанайда өтеді.

Ал бұл жұптың жеңімпазы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын 20 тамызда Мадридте, жауапты кездесуін 27 тамызда «Тобылдың» немесе «Партизанның» алаңында өткізеді.

Плей-офф кезеңінен сүрінбей өткен команда Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар