Мәзір
Футбол

«Тобыл» Еурокубоктағы жорығын аяқтады

Сабина Асқарқызы 32 қаралым
«Тобыл» Еурокубоктағы жорығын аяқтады

Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта өз алаңында Сербияның «Партизан» клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қазақстандық команда бастаманы өз қолына алуға тырысты. Қос қанат арқылы жиі шабуыл ұйымдастырған «Тобыл» 7-минутта есеп ашты. Ислам Чесноков мүмкіндігін сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды.

Екінші таймның басында сербиялық клуб таразы басын теңестірді. 47-минутта Стефан Митрович есепті 1:1-ге жеткізді. Ал негізгі уақытқа қосылған 2-минутта Чака Траоре «Партизанға» жеңіс әкелген голды соқты.

Осылайша, «Тобыл» өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліп, Конференция лигасындағы еурокубок жолын аяқтады. Ал алғашқы кездесуде қостанайлықтар сербиялық клубқа 0:3 есебімен жол берген болатын.

«Партизан» плей-офф кезеңінде Испанияның «Хетафе» клубымен кездеседі.

Айта кетейік, «Тобыл» екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» командасын екі матчтың қорытындысы және пенальти сериясы бойынша (1:1, 2:2, пенальтиден – 3:2) жеңген еді.

Қазақстанның еурокубоктағы жалғыз өкілі ретінде Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен алматылық «Қайрат» та үшінші іріктеу кезеңінде жарысты жалғастыра алмады. Алматылық клуб Черногорияның «Сутьеска» (2:1, 2:0) және Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден – 6:5) командаларын жеңгенімен, үшінші кезеңде Болгарияның «Левски» клубына екі матчта да 0:1 есебімен есе жіберді.

 

Фото: "Тобыл" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар