457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Тобыл» бүгін Конференция лигасында «Партизанға» қарсы алғашқы матчын өткізеді

Бүгін түнде Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші сатысындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мирослав Ромащенко шәкірттері Белградта Сербияның «Партизан» клубымен кездеседі. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Ойынның тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында ұйымдастырылады. Трансляция 23:50-де басталады. Сондай-ақ кездесуді телеарнаның ресми сайты арқылы онлайн көруге болады.

Қос команданың қарымта ойыны 13 тамызда Қостанайда өтеді.

Екі матчтың қорытындысында жеңіске жеткен клуб Конференция лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шығып, Испанияның «Хетафе» командасымен кездеседі. Ал жеңілген ұжым еурокубоктардағы биылғы маусымын аяқтайды.

 

Фото: "Тобыл" ФК