25 жастағы жартылай қорғаушы Дамир Марат «Оқжетпестен» Қостанайдың «Тобыл» клубына ауысты, деп хабарлайды malimsports.kz. Бұл ақпаратты қостанайлық клубтың баспасөз қызметі растады.
Өткен маусымда Дамир Марат «Оқжетпес» сапында өнер көрсетті. Былтыр ол 25 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы өзбекстандық жартылай қорғаушы Шохбоз Умаров Қостанайдың «Тобыл» клубынан кетіп, мансабын Өзбекстанның «Бунёдкор» клубында жалғастыратыны хабарланған еді.
Фото: "Тобыл" ФК