457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Темірлан Анарбековке қатысты жағымды жаңалық шықты

Футболшы жаттығуға қайта кірісті

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта қосылды. Бұл туралы жаңалық клубтың ресми әлеуметтік желі парақшасында жарияланды.

«Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті», - делінген хабарламада.

Еске салайық, тамыз айында Шотландияның Глазго қаласында өткен Чемпиондар лигасының «Селтикке» қарсы ойынында негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болған еді. Сол кезде оның орнын 21 жастағы Темірлан Анарбеков басты.

Алайда қыркүйек айында өткен «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ел біріншілігінің ойынында Темірланның өзі ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен шығарылды. Кейін белгілі болғандай, ойыншының жақ сүйегі сынған.

Қақпашының жарақатынан кейін 18 жастағы Шерхан Қалмырза негізгі құрамда ойнау мүмкіндігіне ие болды.

Енді Анарбеков жарақатынан толық айығып, команда сапына қайта қосылып отыр. Бұл жаңалық «Қайрат» жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық болды.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі