457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Темірлан Анарбековке көлік сыйлады

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Еурокубок аясындағы «Селтикке» қарсы матчтың басты қаһарманы атанды. Оның қақпадағы сенімді ойыны арқасында алматылық клуб тарихи жеңіске жетті. Ерекше ерлігін бағалаған Zigi-Zagi компаниясы жас қақпашыға автокөлік тарту етті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл сыйлық Темірланның жанкүйерлер арасындағы беделін одан сайын арттырып, жас спортшыға үлкен мотивация болды. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер оның ерлігін жоғары бағалап, «қазақ футболының болашағы» деп атады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Ұлықбек Шарипов «Қайрат» сапындағы тағы бір жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлаған болатын. Ол «Реал» мен «Спортингке» қарсы кездесулерде қақпаны табандылықпен қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген еді.

 

Фото: скриншот