457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Темірлан Анарбековке де білім гранты табысталды

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті атанады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінде Қазақ спорт және туризм академиясының ректорлық гранты футбол клубы «Қайраттың» қақпашысы, екінші курс студенті Шерхан Қалмырзаға табысталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іс-шара барысында министр Саясат Нұрбек жас спортшыны жетістігімен құттықтап, ел намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген студенттерге қолдау көрсету – министрліктің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Футбол -  командалық ойын, ал жеңіс әрқашан ұжымдық еңбектің нәтижесі. Біз «Қайрат» клубының барлық студент-спортшыларын қолдаймыз және олардың оқу мен спортты қатар алып жүруіне жағдай жасаймыз», - деді министр.

Бұған дейін министрлік Темірлан Анарбековке (Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде үш пенальти қайтарған) және Дастан Сәтпаевқа алғыс хаттар тапсырған болатын.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Темірлан Анарбеков 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті атанады. Ал 17 жастағы Дастан Сатпаевтың да алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсуі жоспарланып отыр.

«Министрлік спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың академиялық білім алуына ерекше көңіл бөледі. Темірлан мен Шерханның жетістігі – жастарға үлгі. Олар оқу мен спортты қатар алып жүруге болатынын дәлелдеп отыр», - деді министр.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі