Темірлан Анарбеков жарақаттан айығуы жайлы айтты
Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақаттан кейінгі жағдайы мен «Пафоспен» өткен ойындағы автоголға қатысты пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz.
Ол бұл сәтті тез ұмытып, ойынды жалғастырғанын айтты. Блиц-сұхбат барысында Анарбеков командасының Кипрдің «Пафос» клубымен тең ойынын (0:0) оң бағалап, матчтың оңай өтпегенін жеткізді. Сонымен қатар ол енді ҚПЛ аясындағы «Астанаға» қарсы кездесуге дайындалып жатқанын айтты.
Қақпашы жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жарақаттан толық айыққанын хабарлады.
«Жарақатымнан толық жазылдым, қазір өзімді жақсы сезінемін. Алда маңызды ойындар бар, соған дайынбыз», – деді ол.
Сонымен қатар журналистер оның ойын барысында тіркеліп, кейін жойылған автогол жайлы сұрады.
«Иә, уайымдадым, бірақ бұл - футбол. Ондай жағдайлар болады. Мен тез ұмытып, ойынға қайта кірісіп кеттім», – деді Темірлан Анарбеков.
Еске салайық, Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған еді. Кездесуден кейін жанкүйерлер әлеуметтік желіде қақпашының сенімді ойынына жоғары баға берді.
Фото: "Қайрат" ФК
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған