Мәзір
Футбол

Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі – 2025» атануы мүмкін

Сабина Асқарқызы 189 қаралым
Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі – 2025» атануы мүмкін

«Қайрат» футбол клубын Чемпиондар лигасына алып шыққан қақпашы Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі – 2025» ұлттық марапатына үміткер болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, дауыс беру кезеңі 13 қазаннан басталып, 24 қазанға дейін жалғасады. Биылғы марапатта Темірлан Анарбековпен бірге танымал дәрігерлер, боксшылар, журналистер мен депутаттар да бақ сынауда.

Үміткерлер қатарында танымал спортшылар Темірлан Анарбеков, Давид Дегтярев, Назым Қызайбай, Төрехан Сабырхан; дәрігерлер Алексей Белокобылов, Мыңжылқы Бердіходжаев; ғалымдар Күнсұлу Закарья, Анатолий Плешаков; тележүргізушілер Ерқанат Көпжасар, Әкерке Бектас, Камила Жүсіпова; депутаттар Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Асхат Аймағамбетов және қоғам қайраткерлері Зауреш Баталова, Сергей Цирюльников және басқалар бар, – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Қазақстандықтар 2025 жылдың 13-24 қазан аралығында сыйлықтың Facebook-тегі ресми парақшасында дауыс бере алады. Бұл кезеңде ең көп дауысты жинаған төрт үміткер Short List (финал) тізіміне еніп, финалда халық ұлттық сыйлықтың ресми сайтында таңдау жасайды.

Айта кетсек, өткен жылы бұл сыйлықты Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жеңіп алған болатын.

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар