Темірлан Анарбеков үздік атанған ойында «Қайрат» жеңіліп қалды
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алтыншы турда алматылық «Қайрат» Астанада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесіп, қарсыласына 0:1 есебімен жол берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин матчты Темірлан Анарбеков (Қ), Луиш Мата, Александр Широбоков, Егор Сорокин, Еркін Тапалов, Олжас Байбек, Дан Глейзер, Александр Мрынский, Гиорги Зария, Рикардиньо және Эдмилсон сынды футболшылармен бастады.
Кездесудің бірінші таймында ойын тізгіні негізінен грекиялық команданың қолында болды. «Олимпиакос» жиі шабуыл ұйымдастырып, есеп ашуға ұмтылғанымен, «Қайрат» қорғанысы сенімді ойнады. Алматылықтар да қарсы шабуылдар жасап, бірнеше қауіпті сәт тудырды, алайда нәтижелі соққы жасай алмады.
Екінші таймда екі команда да шабуылда белсенділік танытты. Ойынның 73-минутында «Олимпиакос» сапынан Желсон Мартинш мергендік танытып, матчтағы жалғыз голды соқты.
Осылайша «Қайрат» бұл кездесуде жеңіліс тапты. Дегенмен матчтың үздік ойыншысы ретінде қақпашы Темірлан Анарбеков танылды.
Енді алматылық клуб келесі кездесуін 20 қаңтарда елордада Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы өткізсе, 28 қаңтарда сырт алаңда Англияның «Арсенал» клубымен кездеседі.
Фото: УЕФА
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған