Татьяна Сорокопудова Еуропа чемпионатының матчтарына төрелік етеді
Қазақстандық төреші Татьяна Сорокопудова 27 маусым мен 10 шілде аралығында Босния және Герцеговинада өтетін 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне бас төреші болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің финалдық кезеңінде Италия, Англия, Франция, Колумбия, Словакия және Қазақстан атынан барлығы алты бас төреші қызмет атқарады. Татьяна Сорокопудова Еуропаның үздік жас футболшылары қатысатын матчтарға төрелік етеді.
Қазақстандық төрешінің турнирдегі алғашқы ойыны 28 маусымда Аустрия мен Исландия құрамалары арасында өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталады.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған