Танымал футболшы Виктор Мозес «Қайсар» ойыншысы атанды
Қызылорданың «Қайсар» клубы 35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозеспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. мәлімдеді.
Виктор Мозес кәсіби мансабын Чемпионшипте «Кристал Пэлас» сапында бастап, қысқа уақыт ішінде жарқын ойынымен көзге түсті. Оның қарқынды дамуы елеусіз қалмай, футболшы «Уиган Атлетик» клубына ауысты. 2010 жылы дәл осы команда құрамында Англия Премьер-лигасында дебют жасады.
Екі маусымнан кейін оның ойынының деңгейі айтарлықтай өсіп, сол кездегі Чемпиондар лигасының жеңімпазы – лондондық «Челси» клубының қызығушылығын тудырды. Нәтижесінде 2012 жылдың жазында Мозес Англия астанасының клубымен келісімшартқа қол қойды.
Нигериялық футболшы әр жылдары «Ливерпуль», «Вест Хэм», «Фенербахче», «Интер» және Мәскеудің «Спартак» клубтарында өнер көрсетті.
Виктор Мозестің соңғы клубы ағылшындық «Лутон Таун» болды. Ол бұл команда сапында Чемпионшипте 18 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Клубтық мансабы барысында Мозес 495 матчқа қатысып, 62 гол соғып, 47 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ ол Нигерия ұлттық құрамасы сапында 38 ойын өткізіп, 12 голдың авторы атанып, 5 голдың ассисенті болған.
Фото: «Қайсар» клубының баспасөз қызметі
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған