457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғат Байсуфиновтің көмекшілері анықталды

Наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 26 турниріне қатысады.

Қаңтар айында Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үшінші рет тағайындалды.

Талғат Маруаұлы бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманы басқарған. Ол әр жылдары бірқатар отандық клубтарда табысты еңбек етті. Атап айтқанда:

«Есіл-Богатырь» (Петропавл)

«Ақсу»

«Ертіс» (Павлодар)

«Ақжайық» (Орал)

Сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеген.

Футболшы ретіндегі мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарының намысын қорғады.

2025 жылдың қазанында Талғат Байсуфинов ұлттық құрама тізгінін уақытша ұстап, бас бапкер міндетін атқарды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше матч өткізді:

Лихтенштейн – 4:0 (жеңіс)

Солтүстік Македония – 1:1

Бельгия – 1:1

Алдағы уақытта бас бапкерге төмендегі мамандар көмекшілік етеді:

Иван Азовский

Марат Еслямов

Елдос Ахметов

Юрий Новиков – қақпашылар бапкері

Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері

Наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 26 турниріне қатысады. Астанада өтетін жарыста Комор аралдары және Кувейт/Намибия құрамаларына қарсы ойнайды.

Сондай-ақ биыл ұлттық құрама 2026/27 жылғы UEFA Ұлттар лигасында бақ сынайды. Қазақстан С лигасының үшінші тобында Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамаларымен кездеседі.

Топтық кезеңде әр команда 6 матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық үзілістерде өтеді.

Фото: ҚФФ