457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғат Байсуфиновтің көмекшілері анықталды

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп келеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа жаттықтырушылар штабы бекітілді. Жақында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып Талғат Байсуфинов тағайындалды.

Оған көмекші бапкерлер ретінде Иван Азовский, Марат Еслямов, Али Алиев және Елдос Ахметов қызмет атқарады. Қақпашылардың бапкері міндеті Олег Воскобойниковқа, ал дене дайындығы бапкері Максим Зуевке жүктелген. Сонымен қатар, бапкер-сарапшы қызметін Могамед Нозадзе атқарады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін қазақстандық футболшылар Бельгиядан (0:6), Уэльстен (1:3, 0:1) және Солтүстік Македониядан (0:1) жеңіліп, тек Лихтенштейн құрамасынан (2:0) басым түскен.

Ұлттық құрама алдағы екі матчты қазан айында өткізеді:

10 қазан - өз алаңында Лихтенштейнге қарсы,

13 қазан - сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, көрші елдің құрамасында да бапкерлік өзгеріс болды - әйгілі маман Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының тізгінін ұстады. Ол командаға 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жетекшілік етеді. Өзбекстан өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Фото: ҚФФ