Талғат Байсуфинов үшінші рет Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері ішінде ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты.
ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді.
Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты жағдайда жалғасады», – делінген ҚФФ хабарламасында.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов осымен үшінші рет ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетіп отыр. Бұған дейін ол 2016-2017 және 2020-2021 жылдары ұлттық құрама тізгінін ұстаған болатын.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған