457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғат Байсуфинов: Ұлттық құрамаға алдағы матчтарға толық дайын футболшылар шақырылды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

FIFA Series турнирі 25-28 наурыз күндері Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жарыс «төрттік финал» форматында ұйымдастырылады. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды. Екінші ойында Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен кездеседі.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 50 футболшы енді.

«13-25 ақпан аралығында Түркияда Премьер-лига клубтарының оқу-жаттығу жиындары кезінде U-21 және U-19 құрамаларының аға бапкерлерімен бірге селекциялық жұмыс жүргіздік. Клуб бапкерлерімен сөйлесіп, бақылау матчтарын қарап, ұлттық құрамаға үміткерлерді анықтадық. FIFA талаптарына сәйкес 1 наурызға дейін 50 футболшыдан тұратын кеңейтілген тізімді жібердік. Сол тізімнің ішінен FIFA Series 2026 турниріне 26 ойыншы тіркеледі.

Бапкерлер штабы Премьер-лиганың бірінші турындағы матчтарды да мұқият қарап шықты. Ойыншыларды бағалағанда ең алдымен олардың алаңда қанша уақыт ойнағанына және ойын кезіндегі әрекеттеріне назар аудардық. Селекциялық жұмыс өте мұқият жүргізілді. Екінші тур аяқталғаннан кейін турнирге қатысатын нақты құрамды бекітеміз деп жоспарлап отырмыз.

Үшінші тур 22 наурызда аяқталады, ал 25-інде алғашқы матчымыз бар. Сондықтан командаға әдеттегідей толық жиналып, ұзақ дайындалуға уақыт болмайды. Сол себепті соңғы тізімге дәл қазір ең жақсы ойын формасында жүрген және алдағы матчтарға толық дайын футболшылар енгізіледі», – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов.

 

 

Фото: ҚФФ