Талғардағы KFF Academy құрылысы қалай жүріп жатыр
Қазіргі таңда нысанның жұмыс жобасы толық бекітіліп, құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Футбол академиясы спорт, тұрғын және әкімшілік-тұрмыс секілді үш негізгі блоктан тұрады. Спорт бөлігінде жабық футбол манежі, жалпы дене дайындығына арналған зал, қалпына келтіру бассейндері, киім ауыстыратын бөлмелер мен қызметтік үй-жайлар қарастырылған. Әкімшілік-тұрмыстық блокта жаттықтырушылар кабинеттері, медициналық және оңалту бөлмелері, мәжіліс залы, асхана және техникалық орындар болады. Ал тұрғын блок төрт қабатты, 150 орынға арналған жатақхана түрінде салынып, демалыс аймақтары мен өздігінен дайындалуға арналған кеңістіктерді қамтиды. Барлық нысанның жалпы ауданы 5 520 шаршы метрді, ал құрылыс алаңы 2 171 шаршы метрді құрайды.
Академияда 14 пен 16 жас аралығындағы жасфутболшылар білім алады. Болашақта олар Қазақстан жастар құрамалары сапында өнер көрсетеді депжоспарланған.
Құрылыс жұмысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған