Мәзір
Футбол

Шымкентте босқындар арасында футбол турнирі өтті

Сабина Асқарқызы 165 қаралым
Шымкентте босқындар арасында футбол турнирі өтті

Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінде босқындар арасында «Бейбітшілік ойындары» атты футбол турнирі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Оған 50-ден астам ойыншыдан құралған 5 команда қатысты. 

Турнир БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі агенттігі мен Қазақстан «Қызыл Ай» қоғамының қолдауымен ұйымдастырылды.

Турнир қорытындысымен  «Марадж» командасы жеңімпаз атанды. Ал «Муслим» командасы 2-орынды, «Атак» командасы 3-орынды иеленді. 

Сонымен қатар үздік ойыншылар түрлі номинация бойынша марапатталды:
«Үздік ойыншы» – Афзали Али;
«Үздік шабуылшы» – Хакзада Навидулхак;
«Үздік қорғаушы» – Ховажа Хабибжан;
«Үздік қақпашы» – Алиханов Акбарали;
«Үздік жас ойыншы» – Нурияр Фарух. 

Босқындар турнирі Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік жауапкершілігін арттырумен қатар, әр адамның футбол ойнауына тең мүмкіндік беріп, спорт арқылы бейбітшілік пен достықты нығайтуға ықпал етеді.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар