457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады

Лондондық «Арсенал» турнирде жеңіске жету ықтималдығы 24 пайызбен негізгі фаворит саналады.

Сараптамалық Opta платформасының суперкомпьютері УЕФА Чемпиондар лигасының басты үміткерді анықтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Есептеулерге сәйкес, жалпы кезеңді бірінші орынмен аяқтаған лондондық «Арсенал» турнирде жеңіске жету ықтималдығы 24 пайызбен негізгі фаворит саналады.

Екінші орында - мюнхендік «Бавария» (21%), ал үздік үштікті «Ливерпуль» (18%) түйіндеп отыр. Аталған үш команда да жалпы кезеңді сәтті өткізіп, тікелей 1/8 финалға жолдама алды. «Арсенал» сегіз матчтың бәрінде жеңіске жетсе, «Бавария» бір рет, «Ливерпуль» екі мәрте жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, «Арсенал» биылғы маусымда Англия Премьер-лигасында да көш бастап тұр. 23 турдан кейін команда «Манчестер Ситиден» алты ұпайға алда келеді.

Тарихта «Арсенал» Лига чемпиондарының финалына бір-ақ рет, 2006 жылы шыққан. Сол кезде лондондықтар «Барселонадан» 1:2 есебімен жеңілген еді.

Фото:  Getty Images