457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес

Болгариялық маман отандық футболдың дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелерді атап өтті.

«Астананың» және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов ел құрамасына Талғат Байсуфиновтың ресми тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

Болгариялық маман отандық футболдың дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелерді атап өтті.

Стоиловтың айтуынша, Қазақстан футболындағы қиындықтар тек ұлттық құраманың нәтижесіне байланысты емес, мәселе әлдеқайда тереңде жатыр.

Маман Legalbet.kz порталына берген сұхбатында қазақстандық футболды еуропалық деңгейге көтеру үшін жүйелі өзгерістер қажет екенін айтты. Оның пікірінше, негізгі басымдықтар мыналар:

Инвестиция және қаржыландыру – клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту

Мамандардың біліктілігі – жаттықтырушылар мен кәсіби кадрларды даярлау сапасын арттыру

Жас таланттарды дамыту – елде дарынды футболшылар жеткілікті, алайда олар заманауи әдістеме бойынша дайындалып, дұрыс бағыт алуы тиіс

«Талғатқа сәттілік тілеймін. Қазақстанда талантты футболшылар аз емес, бірақ олардың өсіп-жетілуіне қажетті жағдай жасау керек», – деді Стоилов.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы 28 қаңтар күні Талғат Байсуфиновты ұлттық құраманың бас бапкері ретінде ресми түрде бекітті. Ол бұл қызметті 2025 жылдың қыркүйегінен бері уақытша атқарып келген.

Бұл – Байсуфиновтың ұлттық құраманың тізгінін үшінші рет ұстауы. Бұған дейін ол бас команданы 2016/17 және 2021/22 жылдары басқарған болатын.