457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СҚО шенеуніктері футболды дамытуға 5,5 млрд теңге бөлмек

Айта кетейік, екі конкурсқа өтінім қабылдау басталып кеткен және 8 ақпанда аяқталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері 2026-2028 жылдарға арналған футболды дамытуға 5,5 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметке сәйкес, бірінші лоттың тапсырыс берушісі – СҚО әкімдігіне қарасты дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Лот сипаттамасында ерлер, әйелдер және жастар құрамаларына (Екінші лига командасы) арналған футболды дамыту қызметтері қарастырылған. Бұл бағытқа бөлінетін жоспарлы сома:

3 788 836 206,9 теңге.

Ал екінші лот бойынша QJ League командаларының және футбол орталығы топтарының Қазақстан чемпионатына қатысуын қамтамасыз ету көзделген. Бұл жобаға бөлінетін қаражат көлемі:

1 711 163 793,1 теңге.

Осылайша, екі лоттың жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайды.

Айта кетейік, екі конкурсқа өтінім қабылдау басталып кеткен және 8 ақпанда аяқталады.

Фото: «Қызылжар» ФК