«Спартак» пен «Зенит» футболшылары Суперкубок матчында төбелесіп қалды
Ресей Суперкубогы үшін өткен матчта «Спартак» пен «Зенит» футболшылары арасында жаппай жанжал болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесудің екінші таймына қосылған сегізінші минутта «Зенит» шабуылшысы Александр Соболев пенальти орындап, есепті 1:1-ге жеткізді. Голдан кейін ол «Спартак» жанкүйерлері отырған трибунаға қарай жүгіріп, голын қарсылас команда жанкүйерлерінің алдында атап өтті.
Бұл әрекет «Спартак» футболшыларының наразылығын туғызды. Артынша қосалқы құрамдағы ойыншылар да алаңға шығып, екі команданың футболшылары арасында жаппай төбелес басталды.
Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында «Зенит» 4:2 есебімен жеңіске жетті.
«Зенит» Ресей Премьер-лигасындағы жаңа маусымды 25 шілдеде «Акронға» қарсы сырт алаңдағы матчпен бастайды. Сол күні «Спартак» өз алаңында мәскеулік «Родинамен» кездеседі.
Фото: бейнежазбадан скриншот
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған