Шорт-тректен әлем чемпионатына баратын спортшылар анықталды
13-15 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
Байрақты бәсекеге Қазақстан командасы да аттанды. Назарыңызға спортшылар тізімін ұсынамыз:
Ерлер - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Нәсен;
Әйелдер - Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева, Яна Хан, Малика Ермек.
Бүгінде жарысқа 40-қа жуық мемлекеттің 200-ден астам спортшысы тіркеліп үлгерді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Бейжіңде, 2024 жылы Роттердамда өткен әлем чемпионатында отандасымыз Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанған. Бұл Қазақстанның әлем чемпионаттары тарихындағы қос жүлдесі саналады.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Ең көп оқылған