Футболдан Солтүстік Македония ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өтетін Қазақстанға қарсы ойынға арналған құрамын ресми түрде жариялады.
Матч туралы мәлімет
Кездесу 13 қазанда, Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.
Ойынның тікелей көрсетілімін жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады.
Бұл кездесуде бас төреші қызметін Испания өкілі Хуан Мартинес атқарады.
Оған Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі, ал төртінші төреші де испаниялық — Алехандро Муньис Руис.
Солтүстік Македония құрамасы
Қақпашылар:
Столе Димитриевски («Валенсия», Испания)
Деян Илиев («УТА», Румыния)
Игор Алексовски («Фламуртари», Албания)
Дамьян Шишковски («Борац», Босния және Герцеговина)
Қорғаушылар:
Эзджан Алиоски («Лугано», Швейцария)
Андрей Стойчевски («Словацко», Чехия)
Боян Илиевски («Струга»)
Дарко Велковски («Зриньски», Босния және Герцеговина)
Дьёко Зайков («Аджман», БАӘ)
Никола Серафимов («Левски», Болгария)
Висар Муслиу («Синт-Трёйден», Бельгия)
Стефан Ашковски («Раднички», Сербия)
Стефан Деспотовски (ОФК, Сербия)
Жартылай қорғаушылар:
Энис Барди («Коньяспор», Түркия)
Тихомир Костадинов («Сигма», Чехия)
Элиф Элмас («Наполи», Италия)
Решат Рамадани («Шкендия»)
Яни Атанасов («Лариса», Грекия)
Исник Алими («Инбо», Қытай)
Лука Станковски («Раднички 1923», Сербия)
Шабуылшылар:
Александар Трайковски (клубсыз)
Дарко Чурлинов («Коджаэлиспор», Түркия)
Боян Миовски («Рейнджерс», Шотландия)
Милан Ристовски («Богемианс 1905», Чехия)
Эльмин Растодер («Тун», Швейцария)
Давид Бабунски («Вардар»)
Турнир кестесі
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр.
Қазіргі таңда турнир кестесінде жағдай мынадай:
Солтүстік Македония – 12 ұпай, 1-орын
Қазақстан – 6 ұпай, 4-орын
Қазақстан құрамасы бұған дейін:
Бельгиядан – 0:6,
Солтүстік Македониядан – 0:1,
Уэльстен – 1:3 және 0:1 есебімен жеңіліп,
Лихтенштейнді екі мәрте – 2:0 және 4:0 есебімен ұтқан.
Ал Солтүстік Македония өз кезегінде:
Лихтенштейнді – 3:0 және 5:0 есебімен жеңіп,
Бельгиямен – 1:1 және 0:0,
Уэльспен – 1:1 есебімен тең түсті.
Фото: ҚФФ