Мәзір
Футбол

Солтүстік Македония – Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды

Сабина Асқарқызы 200 қаралым
Солтүстік Македония – Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Солтүстік Македония мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға төрешілер тағайындалды.

Кездесуді испаниялық төрешілер бригадасы басқарады:

Бас төреші - Хуан Мартинес (Испания);

Қапталдағы көмекшілер - Диего Барберо мен Иван Массо;

Төртінші төреші - Алехандро Муньис Руис.

Матч 13 қазанда, Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар J тобы аясында бақ сынауда.
Бес турдан кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен төртінші орында, ал Солтүстік Македония 12 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

Қазірге дейін қазақстандықтар:

Лихтенштейнді екі рет (2:0, 4:0) жеңді;

Бельгиядан (0:6), Солтүстік Македониядан (0:1) және Уэльстен екі рет (1:3, 0:1) жеңілді.

Ал Солтүстік Македония құрамасы:

Лихтенштейнді екі мәрте (3:0, 5:0) жеңіп,

Бельгиямен (1:1, 0:0) және Уэльспен (1:1) тең ойнаған.

Бұл матч екі команда үшін де іріктеу кезеңіндегі шешуші кездесулердің бірі болмақ.

Фото:Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар