Әлемге танымал статистикалық платформа SofaScore 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан – Бельгия кездесуіне (1:1) қатысты ойыншылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Платформаның мәліметінше, Қазақстан құрамасындағы ең тиімді ойын көрсеткен футболшы – қақпашы Темірлан Анарбеков. Ол бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, сенімді ойыны үшін 8,4 ұпайға ие болды. Құрамадағы ең төмен көрсеткіш Ислам Чесноковқа тиесілі. Қорғаушы алған қызыл қағазы үшін 5,6 балмен матчағы ең әлсіз ойыншылардың бірі деп танылды.
Бельгия сапында матчтың үздік ойыншысы болып Тимоти Кастань аталды. Ол нәтижелі пастың авторы атанып, SofaScore жүйесінде 8,6 балл жинады.
Фото: ҚФФ