457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шетелдік комментатор Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» болашағына қатысты тосын пікір білдірді

Қазақстандық 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсидің» маусым алдындағы жолдастық матчында «Тоттенхэмге» қарсы кездесуде (1:2) екінші таймда алаңға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ресейлік Okko Sport арнасының комментаторы Владислав Прусов қазақстандық футболшының ойынына баға беріп, оның алдағы мансабы туралы пікірін айтты.

Эстевао өте жоғары деңгейде ойын көрсетті, сондықтан Сәтпаевқа оның ойынынан асып түсу қиын болды. Дегенмен Дастан алаңға жақсы шықты, "Челсидің" жас ойыншыларының арасында көзге түсті. Шынын айтқанда, негізгі құраммен бірге ойнағанда өзіңді көрсету жастар құрамасына қарағанда оңайырақ. Гол соққаннан кейін оның өзіне деген сенімі де артты. Меніңше, қазақстандық футболшыны жалға береді. Ең ықтимал нұсқа – "Страсбур". Ол жақта өзімен қатар жас әрі талантты ойыншылармен бірге дамиды. Бұл клуб Еуропадағы мансабын бастау үшін өте қолайлы алаң, – деді Прусов.

Еске салсақ, Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы кездесуде 70-минутта алаңға шығып, «Челсидің» жалғыз голының авторы Эстеваоның орнына ойынға қосылған болатын.

Бұған дейін «Қайрат» түлегі Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына гол соғып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланған еді.

Айта кетейік, Францияның Лига 1 чемпионатында өнер көрсететін «Страсбур» клубы 2023 жылы BlueCo консорциумының құрамына өткеннен кейін «Челсимен» тығыз әріптестік орнатып, жас футболшыларды дамыту жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.

 

Фото: ҚФФ