457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шерхан Қалмырзаның анасы: «Ұлымды бала емес, азамат деп қабылдаймын»

Шерханның әкесі – бокстан кадеттер арасында әлем чемпионы болған спортшы. Алайда ерлі-зайыптылар жас кезінде ажырасып кеткен, содан кейін баланың тәрбиесіне араласпаған.

Соңғы аптада футбол жанкүйерлері арасында есімі жиі айтылып жүрген жас қақпашы - Шерхан Қалмырза. «Қайраттың» 18 жастағы ойыншысы жақында Қазақстан Премьер-Лигасындағы алғашқы ойынын өткізіп, артынша Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Спортингпен» матчта қақпаны қорғады. Malimsports.kz 1bol.kz сайты жариялаған сұхбатқа сілтеме жасай отырып, футболшы туралы кейбір жайттарды назарларыңызға ұсынады. 

Шерханның бұл серпілісінен кейін көпшілік назар аударған тағы бір тұлға - оның анасы Сәуле Рабаева. Продюсерлік және кино саласында жұмыс істеген ол ұлының жетістіктері мен тәрбиесі жайлы сұхбат беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Сәуле Рабаева баласының спорқа деген қызығушылығының бастауын атасынан көреді. Шерханның атасы, Еділхан Рабаев - футбол бапкері, бүгінде балаларды жаттықтыратын жеке мектебі бар. Шерхан алғашында джиу-джитсуға қатысқан, кейін футболға ауысқан. Алғаш қорғаушы позициясында ойнап жүргенде қақпаға гол жіберілсе қатты ашуланып, қақпа жанында тұрып алатын әдеті бапкер назарын аударып, қақпашы болуға ұсыныс алған.

Анасы баласына таңдау еркіндігін беруді дұрыс санайды:

«Мен ешқашан оның орнына шешім қабылдаған емеспін. Мен тек қолдаушысы әрі жанкүйерімін», – дейді Сәуле.

Шерхан алғаш «Қайрат» академиясына 12 жасында шақырту алған, алайда ол кезде дайын емес деп шешкен. 14 жасында қайта ұсыныс түскенде, өзі шешім қабылдап, Алматыға қоныс аударған.

Сәуле Рабаева ұлын жастайынан тәртіп пен жауапкершілікке үйретуге тырысқанын айтады. Спорт мектебіне күнделікті екі автобуспен, әрі 15 минут жаяу жүріп баратын. Бала бойындағы тәртіп пен табандылықтың сол кезден басталғанын атап өтеді.

Шерханның әкесі – бокстан кадеттер арасында әлем чемпионы болған спортшы. Алайда ерлі-зайыптылар жас кезінде ажырасып кеткен, содан кейін баланың тәрбиесіне араласпаған.

Шерхан қазіргі таңда университеттің 2-курсында оқып жүр, ал «Қайраттың» негізгі құрамында ойнап жүр. «Спортингпен» болған матчта жарақат алып қала жаздаған сәті ана жүрегіне ауыр тигенін жасырмады.

«Біз үшін ең маңыздысы – оның адами қасиеттері мен кішіпейілдігі. Шерхан мақтауларға көп мән бермейді. Керісінше, өз кемшілігін мойындап, түзетуге тырысады», – дейді анасы.

Шерханның сүйіктісі бар, ол - белгілі футболшы Самат Смақовтың қызы. Сәуле Рабаева екі отбасының арасындағы қарым-қатынасты:

«Құдағидан гөрі жақын құрбыдай болып кеттік», – деп сипаттайды.

Соңында Сәуле Рабаева жас аналарға кеңесін де қосты:

«Балаға сену керек. Сенім – баланың ішкі өзегін қалыптастырады. Ата-ана баланың орнына шешім қабылдай берсе, ол өз жолын таба алмай қалады».

Фото: 1bol.kz