457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шерхан Қалмырзаға білім гранты берілді

Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздесті, деп хабарлайды malimsports.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ бүгінде талантты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға берік негіз қаланғаны атап өтілді. Жастарға үлгі көрсету мақсатында ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды. Сонымен қатар алдағы уақытта да дарынды жастарға айрықша көңіл бөлінетіні жеткізілді.

Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мұхтар Есқалиев оқу орны жасөспірімдер мен студенттердің бастамаларын әрдайым қолдайтынын айтты. Өз кезегінде студент-спортшы көрсетілген ілтипат үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі