457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шерхан Қалмырза өзіне сыйға берілген көлік туралы айтты

Жас қақпашы сұхбат барысында журналист қойған бірнеше сұраққа жауап берді.

Қазақстан U-19 құрамасы мен "Қайрат" клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза "Бірінші бол" жобасына берген сұхбатында оған сыйға берілген көлік және мадридтік "Реалдың" қақпашысы Тибо Куртуамен болған әңгімесі жайлы айтты, деп жазады malimsports.kz

Жас қақпашы сұхбат барысында журналист қойған бірнеше сұраққа жауап берді. Журналист оның жақында көлік сыйға алғанын еске салып, жүргізуші куәлігі бар-жоғын сұрады.

"Иә, әрине. 18 жасқа толған соң автокөлік жүргізу мектебіне жазылдым. Ал маған көлік сыйлағаннан кейін құқықты тезірек алуға тырысып, емтихандарды тапсырып шықтым", – деді Қалмырза.

Футболшы өзін жақсы деңгейде жүргізетінін, бірақ мінсіз емес екенін де жасырмады.

Сонымен қатар, Шерхан Алматыдағы матчтан кейін "Реал" қақпашысы Тибо Куртуамен болған қысқа әңгімесін де бөлісті.

"Алғашында қатты уайымдадым, бәрі шынайы емес сияқты көрінді. Кейін оның әлеуметтік желідегі жарияланымында мені белгілегенін көріп, 'Жарайды!' деп қуандым. Кездескен кезде маған көп еңбектену керегін айтты. Егер еңбектенсем, болашағым жарқын болатынын жеткізді", – деді Қалмырза.

Фото: Ашық дереккөзден