Мәзір
Футбол

Сенегал құрамасы Африка кубогындағы жеңісі үшін сыйақы мен жер телімдерін алады

Сабина Асқарқызы 77 қаралым
Сенегал құрамасы Африка кубогындағы жеңісі үшін сыйақы мен жер телімдерін алады

Африка Ұлттар кубогының жеңімпазы атанған Сенегал құрамасының футболшыларына қомақты сыйақы беріледі, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ел президенті Бассиру Диомай Фай ойыншыларға тарихи жеңіс үшін әрқайсысына 134 мың АҚШ доллары көлемінде бонус тағайындалатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар футболшыларға астананың оңтүстігіндегі Петит-Кот жағалауынан 1,5 мың шаршы метр жер телімдері беріледі. Кіші көлемдегі сыйақы мен жер телімдері футбол федерациясы өкілдері мен бапкерлік штаб мүшелеріне де қарастырылған.

Еске салайық, Сенегал құрамасы финалда Марокко құрамасын қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Осылайша сенегалдықтар Африка Ұлттар кубогын өз тарихында екінші рет, ал соңғы рет 2021 жылдан бері алғаш рет жеңіп алды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар