457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Семей» өз алаңында алғаш рет ұтылды, «Қайрат» үшінші орынға көтерілді

«Атыраудан» 2:3 есебімен жеңілді

Футзалдан Қазақстан чемпионатында күтпеген нәтиже тіркелді. Бұған дейін жеті ойында бірде-бір ұпай жоғалтпаған «Семей» командасы өз алаңында «Атыраудан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетсек, осы екі команда бұған дейін 10 қазанда кездесіп, ол кезде семейліктер 4:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Дегенмен бұл жеңіліс «Семейге» турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалуға кедергі болмады - команда 21 ұпаймен әлі де бірінші орында тұр.

«Қайрат» қайта қарқын алды

Бұған дейін сәтсіз ойындар көрсеткен алматылық «Қайрат» соңғы екі кездесуде қатарынан жеңіске жетті.
Екі матчта да қарсыласы «Ақтөбе» болып, алматылықтар екі ойында да бірдей 8:1 есебімен үстем түсті.

Қатарынан екі сенімді жеңістен кейін «Қайрат» 16 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Басқа ойындардың нәтижелері

«Қарағанды» – «Бәйтерек» (Орал) – 5:3

«Шымкент» – «Жетісу» (Талдықорған) – 4:6

«Астана» – «Тұлпар» (Қарағанды) – 4:2

«Каспий» (Ақтау) – «Аят» (Рудный) – 4:0

Келесі тур

Ел біріншілігінің келесі тур ойындары 25 және 26 қазан күндері өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қайрат» футзал клубы «Ақтөбені» 8:1 есебімен ойсырата жеңгені хабарланған болатын.

Фото: «Семей» клубы