457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды

Ширек финал ойындары 2026 жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өтеді.

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчта қазақстандық «Семей» Польшаның «Пяст» клубын 5:3 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Алғашқы ойын Семейде өтіп, 3:3 нәтижесі тіркелген еді. Сондықтан сырт алаңдағы матчта қазақстандық командаға тек жеңіс қажет болды.

Матч қазақстандық клуб үшін сәтсіз басталды: поляк командасы ойынның 1 және 6-минуттарында екі гол соғып, алға шықты. Дегенмен «Семей» бірінші кезең соңында есепті теңестірді – Нұрсұлтан Пиялы (18 мин.) және Ринат Төреғазин (19 мин.) мергендік танытты.

Екінші таймда Аслан Смақовтың шәкірттері толықтай басымдыққа ие болды.
28-минутта Педринью, ал 31-минутта Төреғазин дубль авторы атанды. Польша командасы бір голмен жауап бергенімен, ойынның соңғы дауысын Марсело (39 мин.) қойып, кездесуді түйіндеді — 5:3.

Осылайша «Семей» Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды. Енді қазақстандық клуб Францияның «Этуаль» командасымен кездеседі. Олар өз кезегінде даттық «Йоррингті» екі матчтың қорытындысы бойынша (4:1, 7:4) ұтқан.

Биыл футзал бойынша Чемпиондар лигасының элиталық кезең форматы жаңарды:

16 команда сегіз жұпқа бөлініп, үйде және сырт алаңда бір-бір матчтан өткізді.

Матчтар 2025 жылдың 24 қарашасы – 6 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды.

Ширек финал ойындары 2026 жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өтеді.

Финалдық төрттік сайысы 2026 жылғы мамырда Италияның Песаро қаласында өтеді.

Фото: instagram/fcsemey