457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Семей» футзал клубына жаңадан бас бапкер тағайындалды

Қазақстанға келгенге дейін Альтисент үш маусым бойы «Барселона» клубының резервтік командасына жетекшілік етті.

«Семей» футзал клубы Серджи Альтисенттің негізгі команданың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлім етті, деп жазады malimsports.kz

Іnformsports.kz-тің жазуынша, испаниялық маман клубқа 2025 жылдың 2 қыркүйегінде Аслан Смақовтың жаттықтырушылар штабына бас бапкердің көмекшісі ретінде қосылды. Қазақстанға келгенге дейін Альтисент үш маусым бойы «Барселона» клубының резервтік командасын басқарып, жас ойыншыларды даярлаумен айналысты.

2026 жылдың 13 наурызында Серджи Альтисент «Семейдің» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде бірінші орын алып, плей-офф финалына дейін жетті.

Испаниялық маманның атқарған жұмысының қорытындысы бойынша клуб басшылығы Серджи Альтисентті бас бапкер қызметіне бекіту туралы шешім қабылдады. Келісімшарт 2026/27 маусымының соңына дейін жасалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» пен «Семейдің» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды.

Фото: «Семей» клубының баспасөз қызметі