457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Селтик» бас бапкерін тағайындалғанына бір ай өтпей жұмыстан босатты

48 жастағы француз маманы «Селтикті» 2025 жылдың желтоқсан айында баптауды қолға алған еді.

Шотландиялық «Селтик» футбол клубы бас бапкер Уилфрид Нансимен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады, деп жазады malimsports.kz

48 жастағы француз маманы «Селтикті» 2025 жылдың желтоқсан айында баптауды қолға алған еді. Оның жетекшілігімен команда 8 матч өткізіп, 6 рет жеңіліп, 2 ойында жеңіске жетті.

Қазіргі таңда «Селтик» Еуропа лигасының жалпы кезеңінде 7 ұпаймен 24-орында тұр. Ал Шотландия чемпионатында 38 ұпаймен екінші орынға жайғасқан клуб көш бастап тұрған «Хартстан» 6 ұпайға қалып келеді.

«Клуб Уилфридке атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді және оған әрі қарайғы мансабында сәттілік тілейді. Сондай-ақ оның бапкерлік штабындағы көмекшілері де команданы тастайды. Бұдан бөлек, футбол операциялары жөніндегі директор Пол Тисдейл де қызметінен кетті. Жанкүйерлерге қосымша ақпарат жақын уақытта беріледі», - деп жазылған клуб мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, Уилфрид Нанси «Селтикке» дейін Солтүстік Американың MLS лигасында «Коламбус Крю» мен «Монреаль» клубтарын жаттықтырып, 2024 жылы лиганың үздік бапкері атанған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден