«Шахтёрдің» 2026 жылғы маусымдағы бюджеті белгілі болды
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубының 2026 жылғы маусымға арналған бюджеті жарияланды.
Клубтың жаңа иесі, миллиардер Тимур Турлов баспасөз мәслихатында алдағы маусымда «Шахтёрге» 4 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді.
Еске салайық, өткен маусымда қарағандылық команда Бірінші лигада төртінші орынға тұрақтады. Клуб басшылығының алдына 2026 жылы Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралу міндеті қойылған.
«Шахтёр» – Қазақстанның екі дүркін чемпионы және еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнаған алғашқы отандық клуб. Алайда соңғы жылдары команда қиын кезеңді бастан өткеріп келеді. Жаңа қаржыландыру клубтың қайта жандануына мүмкіндік береді деп күтілуде.
ФОТО:"Шахтер" ФК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған