Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Барселона» клубын сатып алуы мүмкін
Белгілі журналист Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әлемдегі ең атақты футбол клубтарының бірі «Барселонаны» сатып алу жөнінде ұсыныс жасауға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz.
Француз журналисі Франсуа Гальярдо бұл ақпаратты Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Сауд Арабиясының тақ мұрагері каталондық клубты 10 миллиард еуроға сатып алуды жоспарлап отыр.
Журналист «Барселонаның» қарызы 2,5 миллиард еуродан асатынын атап өтті және оны өтеу оңай болмайтынын жеткізді. Алайда басты кедергі ретінде клуб мүшелерінің (socios) шешімі аталды.
«Сенсациялық жаңалық! Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман „Барселонаны“ 10 млрд еуроға сатып алуға ұсыныс жасамақ. Клубтың қарызы 2,5 млрд еуродан асады. Жалғыз тосқауыл - клуб мүшелері. Бірақ… жаңалықтарды қадағалаңыздар», - деп жазды Гальярдо.
Қазіргі таңда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ, алайда ол футбол әлемінде үлкен резонанс тудырды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған