Сауд Арабиясы лигасы Роналду үшін 2,4 млрд доллар шығынға ұшырады
«Ан-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қысқы трансферлік кезеңде клубтың құрамын елеулі түрде күшейтпегеніне наразы болып, «Эр-Рияд» және «Аль-Иттихадқа» қарсы матчтарды бойкоттаған. Аталған дау салдарынан америкалық FOX Sports Сауд Арабиясы Про-лигасымен серіктестікті тоқтатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл лиганың қаржылық шығынын арттырып отыр. Speedline порталының хабарлауынша, FOX Sports-пен серіктестіктің тоқтатылуы чемпионаттың халықаралық амбицияларына айтарлықтай соққы болды. Деректерге қарағанда, халықаралық құқықтар мен маркетинг саласындағы жалпы шығын шамамен 2,4 млрд долларды құрады. FOX Sports – Сауд лигасымен келісімді бұзған алғашқы ірі халықаралық телерадиокомпания болды.
Бұл шешім Роналдуды айналасындағы жағдайға байланысты қабылданған. 41 жасар португалдық соңғы екі матчқа қатыспады. ESPN және португалиялық A Bola газеті хабарлағандай, Роналду клуб басшылығының трансфер саясатына қанағаттанбаған және Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) клубтағы өзгерістерге кепілдік бермеуіне наразы.
Speedline мәліметінше, скандалдың дамуы халықаралық аудиторияның назарын аударып отыр және лиганың имиджіне маңызды әсер етуі мүмкін.
Криштиану Роналду – бес мәрте «Алтын доп» иегері және әлемдік рекорд бойынша ең көп гол соққан футболшы (961 гол). Португалдық футболшы «Ан-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнайды. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде 22 матч өткізді, 18 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Фото: Getty Images
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған