Сауд Арабиясы әлем чемпионаты матчтарына билеттерді тегін тарата бастады
Сауд Арабиясының футбол федерациясы алдағы футболдан әлем чемпионатының матчтарына өз жанкүйерлеріне тегін билеттер тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы корольдіктің АҚШ-тағы елшілігі мәлімдеді.
Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, әлем чемпионатының басталуына санаулы уақыт қалғандықтан, АҚШ-та жүрген Сауд Арабиясы құрамасының жанкүйерлеріне арнайы акция ұсынылып отыр.
«Футболдан әлем чемпионатына кері санақ басталды. Осыған орай Сауд Арабиясы футбол федерациясы АҚШ-тағы ұлттық құрама жанкүйерлеріне матч билеттерін тегін ұсынады. Сізден тек стадионға келу талап етіледі, ал билеттерді біз қамтамасыз етеміз», - деп жазылған елшілік мәлімдемесінде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мұндай шешім Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) әлем чемпионаты матчтарына көрермендердің аз келуі мүмкін деген алаңдаушылығына байланысты қабылданған. Осыған ұқсас тәжірибе өткен жылы АҚШ-та өткен клубтық әлем чемпионаты кезінде де қолданылған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі футболдан әлем чемпионатын тамашалауға баратын қазақстандықтарға арнайы үндеу жасап, сапар барысында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеуге кеңес берген еді.
Фото: Ашық дереккөзден
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған