Сәтпаев пен Анарбеков Қазақстан құрамасының үздік ондығына енбеді
Статистикалық Sofascore порталы 2025 жылғы Қазақстан ұлттық құрамасындағы үздік футболшылардың рейтингін жариялады. Алайда бұл тізімде «Қайрат» клубының негізгі ойыншылары Дастан Сатпаев пен Темірлан Анарбековтің болмауы көпшілікті таңғалдырды, деп жазады malimsports.kz.
Рейтингтің бірінші сатысына Қазақстан құрамасының капитаны, «Зенит» сапында ойнайтын қорғаушы Нұралы Әліп жайғасты. Ол 7,35 ұпай жинады. Екінші орында «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек тұр — 7,21 балл. Ол 2025 жылы құрама сапында үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Үшінші орынға «Астана» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен (7,18) тұрақтады, ол биыл ұлттық құрамада бес матч өткізген.
Сондай-ақ үздік ондыққа Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дінмұхаммед Қараман («Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана») және Рамазан Оразов («Ақтөбе») енді. Рейтинг ойыншылардың 2025 жылы ұлттық құрамада өткізген матчтары негізінде жасалған.
Ал «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев небәрі 6,0 ұпаймен 11-орынға тұрақтап, үздік ондыққа кіре алмады. Сондай-ақ «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл тізімге енбеді. Айта кетейік, ол биыл Чемпиондар лигасында статистикалық көрсеткіштер бойынша ең үздік қақпашылардың бірі атанған еді.
Фото:
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған