«Сантос» клубы музейінде Неймардың бюсті орнатылды
Бразилияның «Сантос» футбол клубы өзінің музейінде клуб шабуылшысы әрі Бразилия құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген Неймардың бюстін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іс-шараға 34 жастағы футболшы әкесі және отбасы мүшелерімен бірге қатысып, өзіне көрсетілген құрмет үшін клуб басшылығы мен жанкүйерлерге алғыс айтты.
«Сантос» тарихының бір бөлігі болу – мен үшін үлкен мәртебе. Осы жолда маған қолдау көрсеткен Құдайға, отбасыма және алғашқы қадамымнан бері жанымнан табылған барлық «Сантос» жанкүйерлеріне алғыс айтамын. Біз бірге көптеген жарқын әрі ұмытылмас сәттерді бастан өткердік. Қиын кезеңдер де болды, бірақ сіздер әрдайым менің жанымнан табылдыңыздар», – деді Неймар.
Неймар – «Сантос» клубының түлегі. Ол 2013 жылға дейін осы команда сапында өнер көрсетіп, кейін Еуропаға ауысқан болатын. Ал 2025 жылы туған клубына қайта оралды.
«Сантос» сапында Неймар Бразилия кубогін (2010), Либертадорес кубогін (2011) және Паулиста лигасының үш чемпиондық атағын (2010, 2011, 2012) жеңіп алған. Сондай-ақ ол Бразилия ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир ретінде танылған.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған