Самат Смақов «Тұран» клубынан кетті
Түркістанның «Тұран» футбол клубы бапкерлер штабының мүшесі, бас бапкердің көмекшісі Самат Смақовтың командадағы қызметін аяқтағанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб таратқан мәлімдемеде Самат Смақовқа кәсібилігі, адал еңбегі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтылды. Сондай-ақ оның тәжірибесі мен қолдауы футболшылар үшін маңызды болғаны атап өтілді.
Самат Қабырұлына клубтағы жемісті еңбегі, жоғары кәсібилігі және командаға қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Футболшылар оның қолдауын әрдайым сезініп, Қазақстан футболының аңызына ерекше құрметпен қарады, – делінген клуб хабарламасында.
«Тұран» ұжымы Самат Смақовқа алдағы кәсіби қызметіне табыс, мықты денсаулық және жаңа белестер тіледі.
Айта кетейік, әзірге Самат Смақовтың мансабын қай клубта немесе қандай қызметте жалғастыратыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған