Салах Египет құрамасын Африка кубогының жартылай финалына алып шықты
Мароккода өтіп жатқан футболдан Африка ұлттар кубогының ширек финалында Египет құрамасы Кот-д’Ивуарды 3:2 есебімен жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Агадир қаласында өткен кездесуде Египет сапынан Омар Мармуш 4-минутта есеп ашты. 32-минутта Рами Рабиа екінші голды соқты, ал 52-минутта Мохамед Салах үшінші голды тіркеп, командасының жеңісіне тікелей үлес қосты. Сондай-ақ Салах бұл ойында нәтижелі пас берді. Египет қорғаушысы Ахмед Фаттух 40-минутта өз қақпасына гол соғып алды.
Кот-д’Ивуар құрамасы 73-минутта Гела Дуэнің голы арқылы есеп айырмасын қысқартқанымен, теңестіруге шамасы жетпеді.
Осылайша Египет жартылай финалға шығып, 14 қаңтар күні Сенегал құрамасымен кездеседі. Ал екінші финалист Нигерия мен Марокко арасындағы матчтың нәтижесінде анықталады.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған