Сенегалдық тәжірибелі шабуылшы Мусса Конате Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Қызылжар» футбол клубының оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды. Қазіргі уақытта футболшы қаралымнан өтіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы клубының Instagram-парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Конате – мол тәжірибесі бар форвард. Ол әр жылдары Еуропаның бірқатар танымал клубтарында өнер көрсеткен. Атап айтқанда, футболшы «Дженоа», «Краснодар», «Маккаби», «Сьон», «Дижон» және «Сивасспор» клубтарының намысын қорғаған.
Сонымен қатар, Конате Сенегал құрамасы сапында 34 матч өткізіп, 12 гол соққан.
Мусса Конатенің соңғы клубы Францияның төртінші лигасында өнер көрсететін «Бурж Фут» 18 командасы болды.
Кәсіпқой мансабында сенегалдық шабуылшы:
377 матч өткізді
106 гол соқты
40 нәтижелі пас берді
Өткен маусымда ол Грузия мен Швейцария чемпионаттарының жеңімпазы атанып, 14 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Африка Кубогының күміс жүлдегері
Айта кетейік, Мусса Конате 2019 жылғы Африка Ұлттар Кубогы турниріне қатысқан. Сол додада ол «Ливерпуль» жұлдызы, өзінің жақын досы Садио Манемен бірге күміс жүлдегер атанды.